«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 122 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теміржол көлiгімен жүктерді тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезінде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардағы ұғымдар Қазақстан Республикасының «Темiржол көлігі туралы» және «Күзет қызметi туралы» заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады».»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жүктердi күзетудi «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi.».»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Әскерилендірілген теміржол күзеті үздіксіз күзетті қамтамасыз ету мақсатында транзиттік теміржол жүк тасымалдарын жүзеге асыруға тартылған терминалдардың аумақтарында үшінші тұлғаларға жүктер мен теміржол көлігі объектілерін күзету бойынша қызметтер көрсетеді.